Сұхбат

COVID-ке қарсы вакцина: аллергиясы бар адамдар нені білу керек – дәрігермен сұхбат

COVID-ке қарсы вакцина: аллергиясы бар адамдар нені білу керек – дәрігермен сұхбат

Жаз – түшкіру, қышыну мен көздің қызаруы жиі болатын кезең. Осы уақытта түрлі шөптер мен ағаштар гүлдегендіктен ауыр аллергиялық реакция туындау қаупі артады.

Sputnik Қазақсан тілшісі президенттік клиниканың аллергология орталығының меңгерушісі Ғалия Түсіпбековамен сұхбаттасып, қандай өнімдер мен өсімдіктер жиі аллергия тудыратыны және қазіргі таңда аллергия жаһандық проблемаға айналғаны рас па деген сұрақтардың жауабын сұрады.

— Жалпыға ортақ вакциналау арқылы ғана коронавирус пандемиясына төтеп бере алатынымызды түсінуіміз керек. Ал аллергияға қатысты айтсақ, онда анафилактикалық шок және ауыр аллергиялық васкулиттер (Стивенс-Джонсон, Лайелла, ОТАР синдромы мен DRESS синдром және тағы басқа) секілді анемнездегі ауыр аллергиялық реакциялар сынды қарсы көрсетілімдер бар. Шартты қарсы көрсетілімдер – бұл асқынған аллергиялық аурулар. Мұндай жағдайда ремиссияға қол жеткізгенге дейін екпе салуға уақытша шектеу қойылады.

© Sputnik / Абзал КалиевАллерголог-иммунолог Ғалия ТүсіпбековаАллерголог-иммунолог Ғалия Түсіпбекова© Sputnik / Абзал Калиев

— Барлық аллергиялық аурулар туындау ауырлығына қарай негізгі және маңызды болып саналады. Бұл бронхиалды демікпе, атопиялық дерматит, дәрі және тамақтан улану, ангиоісікті ауыр есекжем болуы мүмкін. Ең қауіптісі – анафилактикалық шок. Себебі ол адамның өлімімен аяқталуы мүмкін.

Бүгінгі күні аллергендердің үш мыңға жуық түрі белгілі. Олардың қатарында тұрмыстық, эпидемиалды, тозаңды, инсекті, тағамдық, дәрілік, зеңді, химиялық, термиялық, гельминтті аллергендер бар.

— Тәтті, жеміс, кейбір көкөніс түрлері аллергиялық қабыну кезінде түзілетін зат – гистаминді өз бетінше тудыра алады. Сондықтан бұл өнімдерді гистаминолибератор деп атайды.

— Сиыр сүтіндегі ақуыз, тауық жұмыртқасындағы ақуыз, глютен, соя, жержаңғақ, балық балалар үшін әлдеқайда аллергенді өнім болып саналады. Әлдеқайда аллергенді өсімдіктер – қайың, бидайық, жусан, ойраншөп және алабота.

— Сүтке аллергия — бұл ағзаның иммундық жүйесінің реакциясы. Ол құрамында сүт ақуызы бар тағамды қабылдаған сайын белгілі бір антиденелер түзуден немесе аллергияның қабыну жасушаларын іске қосудан тұруы мүмкін. Мұны сиыр сүті ақуызын рационнан толық алып тастау арқылы ғана емдеуге болады.

Лактозаны көтере алмау – бұл қантты қорыту қабілетінің жоқтығы (яғни ішектегі ішкі қабықша жасушаларымен секрецияланатын лактаза ферментінің болмауына байланысты лактозаны қорыта алмау).

Оны емдеу құрамында лактаза ферменті бар препараттармен алмастырушы терапия қабылдау, рационнан лактозаны алып тастауды қамтиды.

— Бұл сұраққа ImmunoCapISAC әдісімен жүргізілген аллергияның молекулалық диагностикасы толыққанды жауап бере алады.

Аллергиядан толық емделіп шығу мүмкін бе

— Қандай да бір өнім түрлерінен бас тарту бүгінде сәнге айналғандай. Интернетте глютеннен (кейбір дәнді дақылдардағы ақуыз) бас тартуды қарастыратын кеңестерді жиі кездестіруге болады. Анығында бидайды тұтыну халықтың басым бөлігі үшін қауіпсіз. Тек кейбір адамдарда ғана глютенді қорыта алмау анықталуы мүмкін. Бұл туа біткен аутоиммундық ауру целиакия деп аталады. Сонымен қатар иммундық жүйенің ақуызға жоғары реакциясымен байланысты глютенге аллергия да бар. Осы жағдайда ғана глютеннен бас тарту керек.

— Аллергия жас таңдамайды, сәби кезде пайда болған ол адам ересек шаққа жеткенге дейін ақырындап асқына беруі мүмкін. Алайда расында да еңбек жасындағы адамдарда аллергия жиі кездеседі.

— Аллергия себебі – бұл атопиялық ауруларға деген тұқым қуалаушылық бейімділік, атопиялық конституция және аллергендермен тығыз байланыста болу. Дұрыс диагностика және аллерголог-иммунологтың тиімді ем тағайындауы арқылы аллергиядан толық жазылуға болады.

Аллергия – қазіргі заман дерті

— Нақты тәуелділік жоқ деп ойлаймын. Бірақ аллергия асқынған шақта шырышты қабық пен терінің бүтіндігі бұзылуына байланысты науқастар инфекциялық аурудың асқынуына жиі ұшырайды.

— Аллергия – бұл қазіргі замандағы жаһандық проблема. Аллергия мен нашар экология, дұрыс тамақтанбау, қатты күйзеліс, дәрілік заттарды шамадан тыс қабылдау, жасанды емізу сынды факторлар арасында тығыз байланыс бар. Расында да ауылдықтарға қарағанда қала тұрғындары арасында аллергияға шалдыққандар жиі тіркеледі.

— Аллергик ата-анадан аллергиясы жоқ баланың тууы әбден мүмкін. Әйтсе де анасы аллергик болған жағдайда дүниеге келген сәбиде де аллергия болу ықтималдығы 60%-ті, әкесі де, шешесі де аллергик болса 75%-ті құрайды. Аллергия жұқпалы емес. Бірақ тұқым қуалаушылық сипатқа ие.

Қазақстанда аллергияны анықтауға болатын қандай анализ бар

— Қандай да бір дәріні атап көрсеткен дұрыс болмайды. Себебі мұндай препарат нарықта өте көп. Терапияны әрбір нозологияны диагностикалау және емдеу бойынша республикалық клиникалық хаттамалар аясында аурудың деңгейіне қарай аллерголог дәрігер тағайындайды.

— Аллергияны өз бетінше емдеуге болмайды. Әсіресе халық емімен.

— Аллергия диагностикасындағы алтын стандарт – ImmunoCap анализаторында Е ерекше иммуноглобулиннің түрлі аллергендерге қатысты флуороферментті зерттеуі. Сондай-ақ аллергендерге арналған инновациялық чиптік тексеру де бар. Бұл – ImmunoCapISAC әдісімен аллергияның молекулалық диагностикасы. Бір сәтте қан тамшысындағы 112 аллерргенді анықтауға болады. Қажетті тексеру әдісін таңдау үшін аллерголог дәрігермен кеңесу керек. Қазақстанда аллергия бойынша барлық тексеру әдісі бар.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»