Сұхбат

«Оңай болған жоқ»: Назарбаев сұхбатынан үзінді жарияланды – видео

"Оңай болған жоқ": Назарбаев сұхбатынан үзінді жарияланды – видео

«Qazaqstan» телеарнасы көрермендер назарына Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы сұхбатына негізделген «Nur-Sultan. Қолтаңба» атты деректі фильмді ұсынады.

Елбасы сұхбат барысында елорданың өткені мен болашағы туралы сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды «Qazaqstan» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

«Ел астанасын орталыққа көшіру туралы шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Көпшілік қарсы болды. Республика астанасы ретінде қарастырған қалалар тізімінде Алматы, Ақтөбе, өзім жиырма жыл қызмет еткен Қарағанды бар еді. Бірақ қазіргі шешіміме өкінбеймін. Астана елдің басын біріктірген үлкен шаһарға айналды. Жоспар бойынша 500-600 мың тұрғыны бар әкімшілік қала болуы тиіс еді, бірақ қаланың өмірін тоқтатуға болмайтынын түсіндік», — деді Елбасы.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев саяси тәуекелдерге бару себебін, елорда халқының болашақтағы шекті саны, келешекте қала тұрғындарына жасалатын игіліктер мен қала құрылысына қатысты жаңа жоспарлар туралы баяндайды.

Жоба аясында қазақстандық сәулетшілер, қаладағы ерекше нысандарды салуға атсалысқан Аманжол Чиканаев, Серік Рустамбеков, Байғұтты Тортаев, британиялық архитектор Норман Фостермен жүргізілген сұхбат та жарыққа шығады.

Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбатты танымал журналист Ләззат Танысбай жүргізеді. Деректі фильм 5 шілдеде сағат 20:00-де «Qazaqstan» арнасынан көрсетіледі.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»