Экономика

Елімізде жылдық инфляция алты ай қатарынан төмендеп келеді

Елімізде жылдық инфляция алты ай қатарынан төмендеп келеді

Қазақстанда жылдық инфляция алты ай қатарынан төмендеп жатыр. Қазір жылдық инфляция – 13,1%. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.»Алты ай ішінде жылдық инфляция төмендеп келеді. Оның қазіргі деңгейі – 13,1%. Жылдық инфляциядағы азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын компоненттің үлесі азайып, ақылы қызметтер инфляциясының үлесі ұлғаюда», — деді Сүлейменов үкімет отырысында.Оның айтуынша, жылдық инфляцияның төмендеуіне қарамастан, айлық инфляция шілдедегі 0,6%-тен 0,7%-ке дейін жеделдеген. Айлық инфляцияның өсу қарқыны орташа мәндерден жоғары қалыптасып келеді.Сондай-ақ жыл басынан бері азық-түлік инфляциясы баяулай түсті. Тамақ өнімін өндірушілердің және ауыл шаруашылығындағы бағаның төмендеуіне байланысты, оның деңгейі 12,4%-ке дейін баяулады.Жеміс-жидек пен көкөніс маусымдық кезеңге байланысты арзандап жатыр, бірақ оның өсу қарқыны өткен жылдармен салыстырғанда төмен.Азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 13,5%-ті құрап, жылдық көрсеткіш баяулады. Алдыңғы айларда теңгенің нығаюына байланысты жеке пайдалануға арналған тауарлар, тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек бағасының өсімі баяулап жатыр, деп толықтырды Ұлттық банк төрағасы.Тамызда киім-кешек пен аяқ киім, тұрмыстық техника, автомобиль, газ бағасының айтарлықтай өсімі тіркелді, дейді Сүлейменов.Бұдан бөлек тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты ақылы қызметтер инфляциясы жеделдей түскен. Тарифтер тамызда 6,1%-ке, жылдық көрсеткіште – 13,9%-ке өсті.Сонымен қатар халықтың тұрақты сұранысына байланысты реттелмейтін қызметтердің бағасы өсімін сақтап қалып отыр. Оның ішінде – қалалық автокөлікпен жол, ұялы байланыс қызметтері мен жалдау ақысы.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»