Экономика

Қазақстан экономикасы сегіз айда 4,9%-ке өсті

Қазақстан экономикасы сегіз айда 4,9%-ке өсті

Қаңтар-тамыз айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,9%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.»Осы жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ті құрады. Оның ішінде нақты сектор – 4,4%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 4,8%-ке өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті»,- деді вице-министр үкімет отырысында.Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,2%-ке артқан. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды.Әмриннің айтуынша, 2023 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 5,7%-ке өсіп, 79,5 млрд долларды құрады.Экспорт 44,8 млрд долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 14,2 млрд долларға жетті.Тауарлар импорты 34,7 млрд долларды құрады.»Жалпы, оң сауда балансы 10 млрд долларға тең», — деді ол.Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде де оң өсім сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,1%-ке өсті.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»