Экономика

Жамбыл облысында жүгері дәнін терең өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Жамбыл облысында жүгері дәнін терең өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Жамбыл облысында инвесторлар жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.Отандық бизнес өкілдері Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездескен. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және білім саласында инновациялық технологияларды енгізу бойынша инвестициялық жобалар таныстырылды.»Primus Capital» ЖШС директоры Сапарбек Тұяқбаев өңірде жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Кәсіпорынның бастапқы қуаты жылына 160 мың тоннадан асса, кейіннен бұл межені 330 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген.Тұяқбаев облыстың географиялық қолайлығы және өңірдегі жоғары өнімділік қысқа мерзімде экспорттық тасымалды жолға қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.»Pine Holding» компаниясы мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқу-зертханалық кешендер, робототехника, химия, биология және физика бойынша заманауи пәндік кабинеттер құру қызметтерін көрсетеді.Жауапты басқармаларға жобаларды жан-жақты зерделеу туралы тапсырма берілді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»