Фотo

Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті ақтық сапарға шығару сәті – фото

Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті ақтық сапарға шығару сәті – фото

. Алматы жұртшылығы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті ақтық сапарға шығарып салды. Жазушымен қоштасу Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Қаралы жиынға жүздеген адам жиналды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. ?share-img=22580580″>?share-block=22581186″ data-title='»…Бұл күнді де бастан кешіруімізге тура келді. Адам жүз жасай ма, Лұқпан Хакім сияқты мың жасай ма, о дүниеге аттанғанда бәрі үшін қайғы. Әбекең жайлы айтылар сөз көп. Бір ғасыр жасаған, бір ғасырды түгел әдебиетке ғана арнаған, басқаға мойын бұрмаған…бір сөзі үшін кітаптарын бір айға тоқтатуға дайын Әбекең бәріміздің ұстазымыз. Маған телефон соққанда «әй бала» деуші еді. Енді олай айтатын адам жоқ, бізді қартайтып кетті», — деді Дулат Исабеков.’>Нұрпейісов – менің ұстазым, өмірдегі ақылшым, абызым, замандасым және құрдасым. Қандай әзіл айтсам да, жанына бататын әзіл айтсам да, басқа біреуге шап ете қалатын Әбекең маған күліп қана қоя салушы еді. Қазақстанда басқа жер жетпей қалғандай, Беларанда (Әбдіжәміл Нұрпейісов туған Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл – Sputnik) моласын салдырып қойды. Бір күні барсам, бұлқан-талқан болып ашуланып отыр.?share-block=22579529″ data-title='»Әбдіжәміл аға шығармашылық ғұмырының тең жартысын туған жері Аралға арнады. Қаламын найзадай білеп, сеңдей жарылып, Аралға араша түсуі – жазушы ғұмырының соңғы парызы болды. Алаш алыптарына тән ірілік, кеңдік, парасаттылық, зиялылық бір бойынан табылған. Өзгеге де, өзіне де қатаң талап қойып, көркем сөздің беделін биіктеткен Әбдіжәміл ағаның ендігі дәуірі шексіздікке ұласты», — деді Қызылорда облысының әкімі.’>Гүлшара Әбдіқалықова жазушы жерлеу рәсіміне қатысуға Сыр елінен бір топ жерлесі келгенін айтты. Сондай-ақ халық жазушысының туған жері Белараннан топырақ әкелінгенін жеткізді. Қаралы жиында марқұмның шығармашылық жолындағы елеулі еңбегін ортаға шығып айтқандар қатарында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, мемлекеттік қайраткер Қырымбек Көшербаев та бар. «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов, мемлекет қайраткері Құдайберген Саржанов және Иманғали Тасмағамбетов жазушы туралы естелігін бөлісті. » class=»article__article-image» inject-number=»1″ inject-position=»» title=»Классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды»>Классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден оздыЖазушының өмірбаяны туралы толық мына жерден оқуға болады.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»