Спoрт

Рыбакина WTA финалында өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Рыбакина WTA финалында өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Канкун қаласында (Мексика) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде екінші матчын өткізді, деп хабарлайды, Sports.kz.Топтағы екінші ойында Рыбакина грекиялық Мария Саккаримен (9-орын) кездесті. Кездесу үш сетте – 6:0, 6:7 (4), 7:6 (2) есебімен қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Елена Рыбакина үшін бұл тарихи жеңіс болды. Өйткені ол бұған дейін финалдық турнирлерге мүлде қатыспаған.Еске сала кетейік, Рыбакина Канкунда өткен WTA финалдық турниріндегі алғашқы бәсекесінде әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуладан жеңіліп қалған еді. Сондай-ақ топта Елена әлемнің бірінші ракеткасы – Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен ойнауы керек. Егер оны жеңсе, жартылай финалға жолдама алады.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»