Қоғам

Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты

Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты

Алты жылға сотталып, кейін жазасы жеңілдетілген Қайрат Боранбаев бүгін бостандыққа шықты. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған сотталушы Қайрат Боранбаев 6 қарашада бас бостандығынан айыру орнынан босатылды және тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына жіберілді", — делінген хабарламада.

Боранбаев пробация қызметінің бақылауында болады.Бұған дейін Ақмола облысының соты 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаев 2022 жылы наурызда қамауға алынды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаев өз еркімен мемлекетке 90 млрд теңгенің активтерін қайтарғанын мәлімдеді. Олардың арасында мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, қонақ үй және сауда ойын-сауық кешендері бар.Бұдан кейін Қайрат Боранбаевтың мемлекетке кеңсе үй-жайларын, сауда-ойын-сауық кешенін және дене шынықтыру-сауықтыру желісін қайтарғаны хабарланды. Оның ішінде құны 33,75 млрд теңге болатын нысандар бар.Боранбаев сонымен қатар тау кен орны мен газ тарату компанияларын мемлекетке қайтарды. Сондай-ақ құны 14 млрд теңге болатын газ тарату компаниясы да мемлекет меншігіне өтті. Астананың сол жағалауындағы қонақ үйін өз еркімен мемлекетке берді.Боранбаев – ірі кәсіпкер, Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald’s жылдам тамақтану желісінің және тағы басқа ірі компаниялардың иесі. Оның қызы Әлима 2020 жылы жазда Нұрсұлтан Назарбаевтың қайтыс болған жиені Айсұлтанға тұрмысқа шыққан.Мұнай кен орны да бар: Қайрат Боранбаев 90 млрд теңгенің активтерін қайтарды

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»