Қоғам

Ұлттық банк 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады

Ұлттық банк 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады

Ұлттық банк Қазақстанның ұлттық валютасының 30 жылдығына орай 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.Жаңа банкнотада 19 қорғаныш элементі бар. Монета бейнеленген дизайнда негізгі голографиялық элемент – теңгенің «₸» белгісі қолданылған. Банкнотаның екі жағында да шексіз қозғалыстың символы – «Мёбиус лентасы» бар.Банкнотаның алдыңғы бетінде қазақы ою-өрнекпен дәстүрлі стильде безендірілген өңірлері бар Қазақстан картасы бейнеленген. Банкнотаның екінші бетінде картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры сызылған. Онда 5 мм магнитті қорғаныш жіп пен «₸» белгісі түріндегі Спарк элементі бар.Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстанның барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті, деп атап өтті Ұлттық банктегілер.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»