Қоғам

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңге ұрланды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңге ұрланды

Алматы облысында аурухананы сенімгерлік басқаруға алған компанияның басшысы мен есепшісі 2,1 млрд теңге ұрлаған. Күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.Медициналық мекеме 2020 жылы қазан айында сенімгерлік басқаруға берілген.2020-2022 жылдар аралығында компания басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды қағаз жүзінде ғана сатып алған. Ал Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам ақшаны өз қалтасына басқан.ҚМА аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікпен тергеу жүргізіп жатыр.Күдіктілерге қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»