Елорда тынысы

Астанада 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Астанада 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Астанада құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз жүргізгені үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.»Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабы 2-бөлігі, 313-бабы 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды», — делінген хабарламада.Атап айтқанда:1.»NAK development» ЖШС;2.»БазисДоСтрой» ЖШС;3.»КСМК-АФ» ЖШС;4.»DBK-Engineering» ЖШС;5.»Пропилон» ЖШС;6.»ANA Astana» ЖШС;7.»ППК» жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС;8.»X-clusive Qurylyus Group» ЖШС.Әкімдіктің ақпаратынша, былтыр жүргізілген жоспардан тыс тексерістер аясында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 288 заңбұзушылықты анықтап, оны жоюға 247 нұсқама берді.Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы және аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату немесе айыра отырып 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»