Елорда тынысы

Астанада құрылысы аяқталмаған 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Астанада құрылысы аяқталмаған 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Астанада биыл құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінің соңғы бөлігі аяқталады. Бұл туралы қала басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.Қала басшысы «Араби 2 — Гранитный 2», «Арыстан, 4-блок» мен «Future home» нысандарының құрылыс барысымен танысты. Осы тұрғын үй кешендері 12 жылдан бері тапсырылмай жатыр.»Мысалы, «Араби 2 — Гранитный 2» тұрғын үй кешені 2013 жылы проблемалық нысан деп танылған. Мұнда 200-ге жуық отбасы баспанасын күтіп жүр. «Future home» тұрғын үй кешенінің құрылысы да 2013 жылы басталған. Нысанды Елорда құылыс компаниясына беру кезінде 4 және 7 қабаттар ғана салынған», — дейді Қасымбек.2023 жылы қалада құрылысы ұзаққа созылған 32 тұрғын үй кешені болған. Сол кезде 22 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды.»Биыл 10 үй қалды, олардың құрылысы осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқталады. Осылайша, қалған 500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысы мемлекет басшысының тікелей бақылауында», — деп атап көрсетті Астана әкімі.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»