Елорда тынысы

Астанада тағы бір аудан құрылуы мүмкін

Астанада тағы бір аудан құрылуы мүмкін

Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов алтыншы ауданды құруды ұсынды, деп хабарлайды Elorda.info порталы.Бүгінде қалаға тек экономика емес, сәулет, урбанистика тұрғысынан белгілі бір талаптар қойылады. Ал Алматы ауданы қатты өсіп кетті. Халқы да ең көп аудандардың бірі болып саналады.»Алматы ауданында 6 тұрғын алап бар. Олар: Промышленный, Железнодорожный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Юго-Восток. Ауданның аумағы 15 471 гектарды құрайды. Мұнда шамамен 400 мың адам тұрады. Тұрғын үй қоры 885 көпқабатты тұрғын үйді құрайды. 1 Индустриялық парк аумағында 51 кәсіпорын жұмыс істейді. Железнодорожный тұрғын алабында 2 Индустриялық парк салу жоспарланып отыр. Аудан әкімінің аппаратына жүктеме артты», — дейді Каналимов.Осыған байланысты Алматы ауданының аумағында жаңа әкімшілік бірлікті құруға бастама көтеріліп отыр.»Жаңа әкімшілік бірлік өзінің инфрақұрылымын дамыту, жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті ресурстар мен құралдарды алады деген болжам бар. Мәселе қала жұртшылығымен алдын ала талқыланып, Астана әкімі мен мемлекет басшысының қарауына шығарылады», — деп атап өтті мәслихат төрағасы.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»