Сұхбат

Бүгін Путиннің ауқымды сұхбаты жарияланады

Бүгін Путиннің ауқымды сұхбаты жарияланады

Бүгін «Россия 1» телеарнасы мен РИА Новости агенттігіне Ресей президенті Владимир Путиннің ауқымды сұхбаты шығады. Бұл туралы «Россия сегодня» халықаралық медиа тобының бас директоры, «Вести недели» бағдарламасының жүргізушісі Дмитрий Киселев хабарлады.«Путиннің екі сағаттық үндеуінен кейін көптеген қосымша сұрақ туындады. Батыстан төнген жаңа қауіптер де өзекті бағалауды қажет етеді. «Россия» телеарнасы мен РИА Новости агенттігінің түсіру тобы Кремльге келді. Алда Ресей президентімен ауқымды сұхбат болады, онда көп мәселеге тоқталамыз. Біз дайындалып жатырмыз», — деді Киселев Кремльдің Сенат сарайының фонында тұрып.Сұхбат сәрсенбі, 13 наурызда Астана уақытымен сағат 12:00-де «Россия 1» телеарнасында және РИА Новости ресурстарында, соның ішінде ria.ru сайтында, Telegram каналында және агенттіктің ВКонтакте және Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында көрсетіледі.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»